Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілерге қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ересек Күншуақ тобының балаларымен өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері, қауіпсіз жерге шығу жолдары және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәсілдері түсіндірілді.
Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқаулық жүргізіліп, эвакуациялық жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында барлық тәрбиеленушілер қауіпсіздік ережелерімен танысып, практикалық түрде жаттығулар орындады. Аталған іс-шара балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өткізілді.