Ұлттың жарқын болашағы мен кемел келешегі бүгінгі балдырғандардың тізгінінде екендігі белгілі. Қоғамның ілгері жылжуына үлес қосу үшін Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында Бұлақты елдімекенінде ашылған елу орынды «Нұрай» коммуналдық балабақшасы. Балабақша 04. қараша 2013 жылы жоба бойынша 2 топқа арналған, 50 орындық. Қазіргі кезде 2 топ жұмыс істейді. Жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жас ерекшеліктеріне қарай топтар төмендегідей топтастырылған: кіші «Балапан» топ, ортаңғы «Күншуақ» топ . Тәрбиеші педагогтар саны – 8. Оның ішінде: жоғарғы педагогикалық білім –6, арнаулы орта –2 Біліктілік санаты бойынша І санатты – 1, Педагог –сарапшы -3, Педагог –модератор -2, Санатсыз -1, Басшы менеджер -1.
Балабақшада пән жетекшілері бар, олар: -музыка жетекшісі -1, психолог – 1, әдіскер -1, меңгеруші -1, тәрбиеші -4. 2013 жылдан бастап балабақша меңгерушісі Токтаганова Гүлмира Төкенқызы басшылық жасауда

Аты-жөні: Жылкайдарова Молдир Курманбековна
Туған күні. Айы . жылы: 05.01.1987ж
Жұмыс орны: МКҚК «Нұрай» балабақшасы
Лауазымы: меңгеруші
Жетістіктері:
- 2019 жылы Алматы облысының білім басқармасының облыстық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» байқауында III орын
- 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министірлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Жыл балабақшасы-2019» байқауында алғыс хат
- 2019 жылы «Мектепке дейінгі мекеме балаларына ұлттық тәрбие берудің маңызы» әдістемелік құрал.
- 2019 жылы Аудандық «Балабақшам-терең мақтанышым» байқауында III дәрежелі диплом
- 2021 жылы ҚР Білім және ғылым министірлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Мектепке дейінгі ұйымның сапасын бағалау негізінде заттық –кеңістік дамытушы ортасын жобалау 72 сағат»
- 2021 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық орталығы әзірлеген мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 235 академиялық сағат көлемінде курысты аяқтады.
- 2021 жылы Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігі алакөл аудандық филиалының төрағасынан Алғыс хат.
- 2021 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы білім бөлімінің басшыснан «Алғыс хат»
- 2021 жылы международной научной конференции доклад «Мектепке дейінгі әдіскерінің моделі»
- 2021жыл Республика педагогтарының әдістеме мен өнер –білім орталығы ұйымдастыруымен «Менің өнерім» қолөнер байқауында I –орын.
- 2022 жылы Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелер тақырыбында өткен облыстық конференцияда іс-тәжірибесімен бөліскен үшін сертификат
- «Үздік балабақша -2023» облыстық байқауының III дәрежелі диплом
- Аудандық «Үздік педагог-2024» байқауының 1 дәрежелі диплом. Авторлық бағдарлама «Қазақтың ұлттық ойындары» 2025
"Нұрай" балабақшасында 2019жылдың 18-ші ақпан күні аудандық ашық есік күнін өткізілді. Ашық есік күнінің тақырыбы: "Инновациялық технологияларды балабақшада қолдану" Аудандық білім бөлімінің бас маманы Н. Молдабекова, аудандық кәсіподақ комитеті төрағасы К. Алпысбаеав және меңгерушілермен педагогтар қатысты. Қонақтарымыз бір күндік күн тәртібімен танысып,таңертеңгі балаларды қабылдаудан бастап жаттығуларды көріп, балалардың тамақтану мәдениетін бақылап, балабақшада ұйымдастырылған оқу қызметтерін тамашалады.