Ұлттың жарқын болашағы мен кемел келешегі бүгінгі балдырғандардың тізгінінде екендігі белгілі. Қоғамның ілгері жылжуына үлес қосу үшін балапандардың тәрбиесіне көп көңіл бөлінуде. «Нұрай» коммуналдық балабақшасы. Балабақша 04 қараша 2013 жылыдан бері жұмыс атқарады. Жоба бойынша 2 топқа арналған, 50 орындық. Қазіргі кезде 2 топ жұмыс істейді. Жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жас ерекшеліктеріне қарай топтар төмендегідей топтастырылған: Ортаңғы «Балапан» тобы, Ересек «Күншуақ» тобы . Тәрбиеші педагогтар саны – 7. Оның ішінде: жоғарғы педагогикалық білім –7, арнаулы орта –0.. Біліктілік санаты бойынша- Педагог –сарапшы -4, Педагог –модератор -2.
2024 жылдың 06 қараша айынан бастап балабақша меңгерушісі М.К. Жылкайдарова басшылық жасауда. Педагогтер өз мамандықтары бойынша кәсіби біліктілігін үнемі арттырып, түрлі курстарға, семинарлар мен әдістемелік іс-шараларға қатысып отырады. Педагог қызметкерлер оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырып, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Ұжымда тәжірибелі мамандар бірлесіп жұмыс жүргізіп, білім беру сапасын арттыру бағытында жүйелі түрде жұмыс атқарады.