Нұрай балабақшасы
Ұлттың
жарқын болашағы мен кемел келешегі
бүгінгі балдырғандардың тізгінінде екендігі белгілі. Қоғамның ілгері жылжуына
үлес қосу үшін Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында Бұлақты елдімекенінде ашылған елу орынды
«Нұрай» коммуналдық балабақшасы. Балабақша
04. қараша 2013 жылы жоба бойынша 2
топқа арналған, 50 орындық. Қазіргі кезде 2 топ жұмыс істейді. Жұмыс
мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жас
ерекшеліктеріне қарай топтар төмендегідей топтастырылған: кіші «Балапан» топ, ортаңғы «Күншуақ» топ . Тәрбиеші педагогтар саны – 8. Оның
ішінде: жоғарғы педагогикалық білім –6, арнаулы орта –2 Біліктілік санаты
бойынша І санатты – 1, Педагог –сарапшы -3, Педагог –модератор -2, Санатсыз -1,
Басшы менеджер -1.
Балабақшада пән жетекшілері бар, олар:
-музыка жетекшісі -1, психолог – 1, әдіскер -1, меңгеруші -1, тәрбиеші -4.
2013 жылдан бастап
балабақша меңгерушісі Токтаганова Гүлмира Төкенқызы басшылық жасауда. Әр жыл
сайын аудандық кәсіби байқауларда топ жарған бірлігі мықты ұжым мүшелері біліктіліктерін
сынауда белсенділік танытып жүр. Әр
жыл сайын аудандық кәсіби байқауларда топ жарған бірлігі мықты ұжым мүшелері
біліктіліктерін сынауда белсенділік танытып жүр. «Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту және бастауыш білім мазмұнының интеграциясы» атты облыстық форумда
«Балабақша мен бастауыш білім берудегі сабақтастықты қалыптастыру» тақырыбында
жоба қорғап, әдіскер М.Жылқайдарова Құрмет грамотасымен марапатталса, 2018 жаңа
оқу жылына қарсы облыстық тамыз кеңесінде озық тәжірибе тарату үшін «Рухани
адамгершілік тәрбиенің бастауы — балабақшадан» тақырыбында шебер сынып өткіздік. «Үздік балабақша —
2018» байқауында ІІІ орын, «Үздік балабақша тәрбиешісі — 2018» байқауында жас
маман А.Стамбекова жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ Елбасының «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында аудан көлемінде «Ауылым — әнім» атты салт –дәстүрді насихаттауда концерттік
бағдарлама ұйымдастырылды. Құрсақ шашу, сүйінші бесікке бөлеу сияқты баланың
өмірге келгенге дейінгі дәстүрі ұлықталды.
Балабақша қызметкерлерінің алға қойған мақсаты: «Балалар
қолдарының ұсақ моторикасын дамыту арқылы сөйлеуді және ақыл-ойының
шығармашылығын жетілдіру» Мұнда
балдырғандардың шығармашылық қабілеттерін
және ақыл-ойын шыңдау үшін «Топ-топ, балақай», «Құм терапиясы», «Көңілді
қуыршақтар», «Шұлық театры», ертегіше ақ әжей, сиқырлы қазақ үй сынды жұмыстар жүзеге асырылуда. Рухани дамудың алғышарты
болатын бұл ойын ұлттық болмыстың көкжиегі іспетті.
Бала
тәрбиесіне бей-жай қарамайтын мамандар өз міндеттерін аса жауапкершілікпен
орындап, еңбектің биік белесін бағындыруда. Мекеме ұжымы алғашқы жылы-ақ
аудандық іс- тәжірибе тарату мақсатында бір жылдық жұмыстары жинақталып,
психолог А.Қыдырбаева мен тәрбиешілер бірлесе «Балабақшадағы 3,5 және 5 жасар
аралығындағы балалардың психологиялық қабылеттерінің зерттелуі және дамуы»
тақырыбында семинарын өткізді. Анар
Арыстанқызының авторлық бағдарламасы таратылды. 2018 жылы «Мектепке дейінгі
тәрбие беруде балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту» тақырыбында шұлық театрын кеңінен насихаттау үшін
аудандық семинар өткізілді.
Ұлттық
құндылықтар мен патриоттық сезімді, татулық пен бейбітшіліктің бағасын ұрпақ
бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған «Тайжарыс- Талант»қоғамдық қоры
ұйымдастырған «Бабалар даңқы өрлесін!» республикалық байқауына қатынасқан
тәрбиеленуші Рымбай Інжу ІІІ орынды қанжығалады. Білімқұмар балаларға арналған
республикалық «Үркер» зияткерлік марафонында Талеухан Іңкәр жүлдегер атанса,
Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген «Әнші, биші балапан — 2018»
байқауында балабақша өрендері ІІІ орынды жеңіп алды. Өнерпаз өрендердің өнерін әуелетуде ата – ана мен педагогтардың
ынтымақтастығы аса жарасым тапқан. Балабақша меңгерушісі Г. Токтаганова 2022 жылы Аудандық «Үздік педагог-2022» III
дәрежелі диплом, 2022 жылы Аудандық білім бөлімінің «Құрмет граматасы», 2021 жылы Алакөл
ауданының білім бөлімінің –Алғыс хат, 2020
жылы Облыстық білім беруді дамыту
орталығы III дәрежелі Диплом «Мектепке дейінгі ұйымның үздік көшбасшысы», 2020
жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының- Құрмет грамотасы , 2019
жыл Аудан
балабақшалары арасында рейтингісінің қортындысы бойынша жоғары көрсеткені үшін I дәрежелі Диплом, 2019 жылы
Алматы облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы; 2019 жылы Аудандық
«Үздік балабақшасы» І дәрежелі Диплом, 2019 жыл Аудандық “Табысты басшы- 2019”
байқауында I дәрежелі диплом . 2019
жылы облыстық «Мектепке дейінгі ұйымның Үздік көшбасшысы» ІІІ дәрежелі диплом, 2019 жылы Аудандық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы, 2019 жылы облыстық «Жыл
балабақшасы» ІІ дәрежелі диплом, 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы-
Алғыс хаты, 2018 жылы Аудандық
білім бөлімінің Мадақтамасы сиақты марапаттар алынған.
Нұрай балабақшасы